Ссылки доступа

Самарқанда екі автобус жүргізуші төбелесіп, біреуі қайтыс болды (видео)


13 қазанда Самарқанд қаласында екі автобус жүргізуші төбелесіп, біреуі қайтыс болды.

Самарқанд милициясының хабарлауынша, оқиға 13 қазанда таңертең сағат 8:10-да Ұлықбек көшесінде болған.

Мәліметке қарағанда, автобус жүргізушілер аялдамада төбелескен. Біріші тұрған автобустың жүргізушісі көлікпен қозғалмақ болғанда екінші автобус жүргізуші келіп, оның көлігінің есігіне асылған. Бірінші автобус жүргізуші жылдамдықты баяулатпаған. Осы сәтте есікте салбырап тұрған жүргізуші жерге құлап түскен. Ал бірінші автобус оны басып кеткен.

Аялдамадағы оқиғадан зардап шеккен көлік жүргізуші ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды.

Самарқанд милициясы осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG