Ссылки доступа

Бішкекте сөз еркіндігін қорғаушылар шеруі өтті (видео)


Қырғызстан астанасында тәуелсіз БАҚ пен сөз еркіндігін қорғауға арналған акция өтті. Жүзден астам адам темір жол вокзалынан Жогорку Кенеш ғимаратына дейін жаяу барады.

БАҚ-қа шағымдар жөніндегі комиссия төрайымы Тамара Уәлиеваның пікірінше, парламентте сөз еркіндігін шектеуді ұсынғандар депутат мандатын тапсыруы тиіс.

"Біздің аймақта БАҚ - ең ықпалды әрі еркін биліктің біріне жатады. Біздің жетістігіміз. Тәуелсіз медиа мен сөз еркіндігімен мақтана аламыз. Ессіз депутаттар енді біздің сөз еркіндігімізді шектемекші. Олар осындай жөнсіз ұран тастағаны үшін жауап беруі тиіс. Мандаттарын өткізсін", - дейді Уәлиева.

Сөз еркіндігін қолдау шеруіне қатысушы журналист Әли Токтакуновтың айтуынша, құқық қорғау органдары "Азаттық", Kloop және Kaktus.media ақпарат құралдарын жабуды талап еткен митингке тапсырыс берушіні табуы тиіс .

"Азаттықтың" миллиондаған аудиториясы бар. Еркін, тәуелсіз медиа үлкен беделге ие. Сөз еркіндігіне қиянат жасаған саясаткерлер болашақта қиындыққа тап болады. "Азаттық" журналистеріне қоқан-лоққы көрсеткендер әлі бостандықта жүр. Митингіге тапсырыс берушіні табу керек", - дейді Токтакунов.

13 қазанда Азаттықтың Бішкектегі кеңсесі маңына қырық шақты адам жиналып, "Азаттық", Kloop және Kaktus.media басылымдарын жабуды, үкіметтік емес ұйымдар қызметін шектеуді талап етті. Митинг модераторы Ілімбек Исрайылов "Азаттық" кеңсесін өртеймін деп қорқытты.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай Қырғызстан билігінен Азаттыққа қоқан-лоққы көрсету әрекетін зерттеуді талап етті.

XS
SM
MD
LG