"Өзара сауда айналымы саласында барлық кедергілерді алып тастайтын уақыт келді. Сөзден іске көшетін уақыт туды", - деді өзбек президенті.
Ол ТМД бойынша әріптестеріне аталған кедергілерді алып тастау бойынша тиісті министрліктер бір айдың ішінде нақты шаралар әзірлеуін ұсынды.
"Қазір көптеген аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты сауда және энергетика саласында қауіп төніп тұр. Өкінішке қарай ТМД елдерінде де әлеуметтік толқулар мен тұрақсыздық жайлап жатыр. Бұл проблемаларды тек бірлесіп шеше аламыз. Дәл қазір ТМД алаңын барынша тиімді пайдаланып, барлық мүмкіндіктерін іске қосуымыз керек", - деп өзбек президенті.
Бұл тұрғыдан Өзбекстан әріптестеріне көкөніс өнімдерін жеткізуге дайын екенін, ал тиісінше көрші елдерден астық, мал жемін алуға мүдделі екенін жеткізді.
Ол сонымен бірге дәл қазір жаңа логистикалық дәлізді жеделдетіп іске қосу қажет екенін мәлімдеді.
"Мәселе "Термез — Мазари-Шариф — Кабул — Пешавар" және "Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан" темір жолы жобаларына қатысты. Көптарапты трансұлтты дәліздер нарықта біздің мүмкіндігімізді ашады деп есептеймін", - деді өзбек президенті.