Ссылки доступа

Ресейліктер Өзбекстанға көптеп келіп жатқан уақытта елде интернет жылдамдығы нашарлады


Өзбекстандықтардың кейбірі ресейліктер көптеп келіп жатқан уақытта елде интернет жылдамдығы нашарлап кеткеніне шағымданды.

Өзбекстандағы алдыңғы қатарлы Uzonline провайдерін қолданушы бір ташкенттіктің айтуынша, кейінгі апталарда астанада интернет жылдамдығы баяулаған.

"Мен жылдамдығы 100 мегабит болатын интернетке қосылғанмын. Жаңа ғана тексеріп көрдім, жылдамдық 25 мегабит қана екенін көрсетіп тұр. Кешкі алтыдан кейін жылдымдық күрт төмендейді. Қосымшалардың кейбірі өте баяу жұмыс істейді, сайттар бірден ашыла салмайды", – дейді тұтынушы.

"Саркор Телеком" провайдерін қолдаушылар да интернет баяулап кеткенін айтып жүр.

Ташкенттік журналистердің бірі "Саркор Телекомға" хабарласқан, провайдер компаниядағылар "ресейліктердің көптеп келуіне байқалысты желіге салмақ түскенін" айтқан.

"Елге келген ресейліктер арасында IT саласында істейтіндер көп, олар жылдамдығы жоғары интернет пайдаланады. Трафик мұндай салмаққа төтеп бере алмай отыр", - дейді Өзбекстан Ақпарат технологиясы мен байланыс министрлігінде жұмыс істейтін бір дереккөз.

"Саркор Телеком" компаниясының бір маманы ресейліктердің көптеп келуі провайдер қызметіне кері әсер етті дегенді жоққа шығарды. "Арнамыз тұтынушыларға үнемі жылдамдығы жоғары интернет ұсынады. Қазір де осындай қызмет көрсетіп келеміз", - дейді компания өкілі.

Ресейдегі ішінара мобилизациядан қашып, Ташкентке келген IT-маман Илья Самохвалов өзбек астанасында интернет жылдамдығы төмен деп есептейді. "Мұнда инернет алғашқы қауымдағыдай. Біреу ауыр файл жолдаса, интернет тоқтап қалады", - дейді маман.

Өзбекстан статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, елге 78,2 мың ресейлік кірген.

Былтыр Өзбекстан интернет жылдамдығы жөніндегі рейтингте әлемнің 224 елі арасында 166-орында болған.

XS
SM
MD
LG