Ссылки доступа

Түркіменстан шетелдегі студенттерді елге қайтарып, әскерге жіберіп жатыр


Прызывная кампания в Туркменистане
Прызывная кампания в Туркменистане

Түркімен шенеуніктері шетелде оқитын студенттерді әскери міндетін өтеу үшін елге қайтауын талап етіп отыр. Заң бойынша, жоғары оқу орындарындағы студенттер әскери міндеттен босатылған.

Түркіменстанда 18 жас пен 27 жас аралығындағы ер азаматтар екі жыл әскерде болуы тиіс. Алайда әскер жасындағы жастардың дені әскерге барғысы келмейді. Түркімен армиясында әлімжеттік әлі жойылған жоқ. Әскердегілерге жағдай жасалмаған.

Шенеуніктер шетелде оқитын студенттерге елге оралып, әскери міндетін орындауды бұйырған.

Балқан уәлаятындағы бірнеше ата-ананың Азатлық радиосына хабарлауынша, олар жергілікті әскери комиссариаттардан "ескерту хат" алған. Полиция қызметкерлері үйге ескертусіз келіп, қоқан-лоққы көрсеткен.

Билік Түркіменстанға паспорт мерзімін создыру үшін келген студенттерді қудалап жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бірнеше студентті жергілік әскери комиссариатқа күшпен жеткізіп, армияға алып кеткен.

Шетелде оқитын жүздеген түркімен студенті биыл жазда ғана елге оралуға мүмкіндік алды, өйткені коронавирус індетіне байланысты халықаралық рейстердің дені ұшпай қалды. Ашғабат елшіліктерге шетелде тұратын түркімен азаматтарына жаңа паспорт беруге тыйым салған.

Түркімен билігі Азаттықтың Түркімен қызметі тілшілерінің сауалдарына жауап бермеді.

Түркіменстанда әскерге қабылдаудың күзгі науқаны 1 қазанда басталып, 31 желтоқсанға дейін созылады. Жастар әскер қатарына жылына екі мәрте қабылданады.

XS
SM
MD
LG