Ссылки доступа

Қарши колониясынан қашқан бір азамат ұсталды


Өзбекстан ішкі істер министрлігі Қарши колониясынан 15 қазанда қашқан бір азаматтың ұсталғанын растады.

Өзбекстан ІІМ Қоғам қауіпсіздігі департаментінің хабарлауынша, 15 қазанда кешкі сағат 18:00-де "кісі зорлады" деген айыппен сотталған П. З. есімді азаматтың қашып кеткені мәлім болған. Жазасын өтеуші сол күні сағат 20:35-ұсталып, колонияға қайтарылған.

Министрлік мәліметінше, жазасын өтеуші қоныс-колониясынан ешқандай рұқсатсыз кетіп қалған. 2015 жылы ол 14 жасқа толмаған баланы зорлады деген айыппен 15 жылға сотталған. 2020 жылы оны жабық колониядан қоныс-колонияға ауыстырған.

Тәртіп бүзған жазасын өтеушіні жабық колонияға қайтару мәселесі қаралады.

XS
SM
MD
LG