Ссылки доступа

Тәжікстанның оңтүстігіндегі шаруалар биыл анарды молынан жинады (видео)


Хатлонские фермеры рады обильному урожая граната
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

Хатлонские фермеры рады обильному урожая граната

Тәжікстандағы Хатлон облысының Дусти ауданында биыл анар түсімі жақсы болды. Бірақ бақташылар жеміс-жидек құны түсіп кете ма деп қауіптенеді.

Дусти ауданындағы Гарди Гүлмұродов жамағатында анар өсіретіндердің дені этникалық түркімен.

Бақташы Эмомназар Худойбердыев биылғы түсімге риза, бірақ ол жеміс-жидек арзандап кета ма деп қауіптенеді. Баға түсіп кетсе, табыс та көп болмайды.

Угулбахт Ергашеваның да анар бағы бар. Ол өнімнің бәрін жинап, қысқа сақтап қойды. Анарды баға көтерілген уақытта сатқысы келеді. Қазіргі бағамен табыс түспейді.

Жамағат тұрғындарының дені анар өсіреді. Машақаты көп, шығыны мол іс.

"Анар өсіру үшін қаражат керек. Бір қап тыңайтқыш 800 сомони тұрады, бір гектар баққа 25 сың сомони (шамамен 2.5 мың доллар) қажет. Биыл мен 8 тонна анар алдым", - дейді жергілікті бақташылардың бірі.

Дусти ауданында анар бағы 200 гектардан астам жерді алып жатыр. Өнім жергілікті базарларға түседі, шетелге де сатылады. Вахш алқабындағы базарларда анардың бір келісі 8-10 сомони, немесе шамамен 1 доллар тұрады.

Шаруалардың айтуынша, биыл өнім көп болғандықтан баға әлі де түсуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG