Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев осы аптада Түркіменстанға барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 20-21 қазан күндері Түркіменстанда болады.

Бұл туралы 16 қазанда Түркіменстан президентінің төрағалығымен өткен жиналыста хабарланды.

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Рәшид Мередов Өзбекстан президентінің Түркіменстандағы сапары 20-21 қазан аралығында өтетінін айтты.

Мередовтің мәлімдеуінше, президент сапары кезінде өзбек жағымен бірнеше екіжақты құжат қабылданады.

Түркіменстан басшысы үкіметке Өзбекстан президентінің ресми сапары аясындағы іс-шараларды жоғары деңдейде ұйымдастыруды тапсырды.

XS
SM
MD
LG