Құжат жобасында 2022 жылы ашылған мешіт Қазақстан Республикасының Бас мешіті деп көрсетілген.
Орталық Азиядағы ең ірі мешіт деп аталған мешіттің ашылу салтанаты астанада 12 тамызда өтті. Оны Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
Мешіттің алғашқы кірпіші 2019 жылғы наурызда Назарбаев қызметтен кетерден бір күн бұрын қаланды. Назарбаев жаңа мешіттің "жекелеген азаматтар мен инвесторлардың қаражатына салынғанын" айтты.
Мешіттің ашылу салтанатына Назарбаевтың адамдары саналатын шенеуніктер, атап айтқанда бұрынғы премьер-министр Асқар Мәмин, адам құқықтары жөніндегі комиссияның бұрынғы басшысы Қуаныш Сұлтанов, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облыстарының бұрынғы әкімі Амандық Баталов қатысты. 2019 жылы Назарбаевтан президент қызметін қабылдап алған Қасым-Жомарт Тоқаев мешіттің ашылу салтанына келген жоқ.
Қанды қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билігі әлсіреді, деп есептейді бақылаушылардың кейбірі. Ол көпшілік алдына жиі шықпайтын болған. Сәуірде астанада өзінің құрметіне құрылған мұражайдағы көрмеге хбарды. Маусым айында Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді. Саяси науқан нәтижесінде Ата заңдағы тұңғыш президент ұғымы жойылды. Жыл басынан бері үшінші мәрте халық алдына тамызда шыққан Назарбаев астанадағы мешітте жұма намаз оқыды.