Ссылки доступа

200-ге жуық қырғыз студенті Италияға виза ала алмай жүр


Қырғызстанда бір топ студент президент Садыр Жапаровқа хат жазып, Италияға оқу визасын алуға көмектесуін сұраған. Студенттерді сыртқы істер министрлігінің өкілдері қабылдады.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Италияның Қырғызстандағы дипломатиялық өкілдігіне тиісті үндеу жолдап, студенттерге оқу визасын алуға көмектесуін сұраған. Дипломатиялық өкілдік Астана қаласында орналасқан.

Италиядағы жоғары оқу орындарына түскен студенттердің бірқатарының қазан айында оқуды бастау мерзімі аяқталып, олар оқудан шығарылады. Оқу визасын 190 студент ала алмай жүр.

Студенттердің айтуынша, бұның алдында олар құжаттарын Италияның Қырғызстандағы құрметті консулы Мария Беспаловаға жолдаған, бірақ ол студенттер арызына жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG