Ссылки доступа

Ташкентте жедел жәрдемнің тағы бір қызметкеріне шабуыл жасалды


Өзбекстан астанасында жедел жәрдем дәрігері мен жүргізушісіне 22 жастағы жігіт шабуылдаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, милиция жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 16 қазанда сағат 18:50-де "103" қызметіне 30 жастағы науқасқа көмек қажеттігі туралы мәлімет түскен.

Жедел жердем бригадасы қызмет көрсеткен орынға жеткен уақытта 22 жастағы М. А. есімді азамат оларға жұдырып ала жүгірген. Бригада қызметкерлері милицияға хабарласқан, алайда ішкі істер бөлімінің өкілдері оқиға орнына жетем дегенше М. А. жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған.

Жарақаты ауыр жүргізушіні басқа бір жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді. Оның миы шайқалған, бір аяғы зақымданған. Жедел жәрдем дәрігерінің де іші көгергені мәлім болды.

Милиция мәліметінше, М. А. есімді азамат екі адамды ұрып қана қоймай, жедел жәрдем көлігінің есігін жұлып тастаған. Оның үстінен "алаяқтық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Бір апта бұрын Ташкент қаласында жедел жәрдем бригадасының бір қызметкері шабуылға ұшыраған. Фельдшер әйелді науқастың бір туысы ұрған.

XS
SM
MD
LG