Ссылки доступа

Тәжік журналисі Далер Имомәли 10 жылға сотталды


Далер Имомали

Танымал тәжік журналисі әрі блогер Далер Имомәли 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол репортаждарында әлеуметтік мәселелерді көтеріп, шенеуніктерді жиі сынаған.

Сот үкімі 17 қазанза кешке Душанбедегі тергеу изоляторында оқылды. Мәліметті ертесіне сотталған журналистің туыстары растады. Сот журналисті он жылға соттап қана қоймай, оған айыппұл салған.

Имомәлидің адвокаты Саъдулло Каюмзода 18 қазанда Озоди радиосына сот үкімі шыққанын растады, бірақ басқа да мәлімет беруден бас тартты. Туыстарының айтуынша, Далерге айыппұл салынған, бірақ оның көлемі әзірге белгісіз.

Далер Имомәли қылмыс туралы жалған мәлімет таратты, заңсыз кәсіппен шұғылданды, тыйым салынған ұйым қызметіне араласты деп танылды. Бұның алдында дереккөздер журналист тағылған айыптарды жоққа шығарғанын, тек заңсыз кәсіппен айналысқанын ғана мойындағанын хабарлаған.

Прокурор Далер Имомәлиге 10,5 жыл сұраған.

Далер Имомәли биыл 15 маусымда ұсталды. Журналиске Тәжікстанда тыйым салынған "24 топ" саяси қозғалысымен байланыс орнатты деген айып тағылды. Алайда қозғалыс басшылары Имомәли ұйым құрамында болмағанын, онымен ешқашан араласпағанын мәлімдеді.

Кейінгі үш айда Тәжікстанда жеті журналист пен блогер қамауға алынды. Душанбедегі Шохмансұр ауданының соты 4 қазанда Абдулло Гурбатиді үш түрлі айыппен, соның ішінде экстремистік ұйымға қатысты деген баппен 7,5 жылға соттады.

Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар мен Батыс елдері Тәжікстан билігін журналистерге қысым көрсетуді, оларды қудалауды доғаруды талап етті. Алайда Душанбе бұл үндеулерге мән бермей отыр.

XS
SM
MD
LG