Ссылки доступа

Қырғыз экс-министрі шығынды өтеген соң үйқамаққа шығарылды


Қырғызстан ішкі істер министрлігі білім және ғылым министрлігінің бұрынғы басшысы Алмаз Бейшенәлиевтің ісін әлі тергеп жатыр. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Экс-министрге пара алу үшін бопсалады деген айып тағылған.

ІІМ мәліметінше, Бейшенәлиевтің үйін тінту кезінде бұрынғы шенеунік 37 мың 500 долларды өз еркімен берген.

"Қылмыстық істі тергеу барысында Алмаз Бейшенәлиев шығынның қалған бөлігін — 62 мың 500 долларды өтеді. Оны үйқамаққа босатты. Тергеу бұрынғы шенеуніктің шығынды толық өтегенін, созылмалы ауруы, кәмелет жасқа толмаған төрт баласы, бұған қоса тұрғылықты мекені барын және қылмыстық істі тергеуге кедергі келтірмегенін ескерді", - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Еске салайық, Алмазбек Бейшенәлиев 28 қыркүйекте 110 мың доллар пара алу кезінде ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол шетелдегі студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша бопсалаған.

XS
SM
MD
LG