Ссылки доступа

Рахмон: Дамыған елдер терроризммен айыпталғандарға саяси баспана бермесін


Тәжікстан президенті әлемнің дамыған елдерінен терроризммен айыпталғандарға саяси баспана бермеуді сұрады, бірақ нақты бір топты немесе ұйымды атамады.

Эмомали Рахмон 18 қазанда Душанбеде терроризммен күрес жөніндегі халықаралық конференцияда адам құқықтары мәселесі мен экстремизм, терроризм проблемаларын ажырата білу қажет деп мәлімдеді.

Кейінгі жылдары Тәжікстан билігі елде тыйым салынған Ислам Өркендеу партиясы, "24 топ" қозғалысы секілді оппозициялық топтардың өкілдеріне баспана ұсынған еуропалық елдерді осы әрекеті үшін жиі сынап жүр.

Тәжік үкіметі бұл топтардың мүшелеріне терроризм, экстремизм айыптарын таққан, бірақ Еуропа елдерінен баспана алған оппозиция өкілдері билік айыптауларын негізсіз деп есептейді.

Эмомали Рахмон астанадағы конференцияда былай деді: "Біз террористер мен экстремистер "босқын" институтын пайдаланып, дамыған елдердің сенімін арам пиғылы үшін пайдаланып жүр".

Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың бірқатары Тәжікстан билігін экстремизммен күресті сылтау етіп, елде адам құқықтары мен еркіндігін шектеп отыр деп жиі сынайды. Душанбе мұндай уәжбен келіспей отыр.

XS
SM
MD
LG