Ссылки доступа

Қазақстан түркімен табиғи газын импорттайды


"ҚазақГаз" ұлттық компаниясы мен "Түркіменгаз" Қазақстанға табиғи газ импорттау жөніндегі келісімге отырды. Бұл туралы "Бизнес Туркменистана" басылымы Қазақстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сенбі, 15 қазанда Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовпен келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында көрші екі ел газ саласындағы әріптестік болашағын талқылады деп мәлімдеді.

Қазақстан мен Түркіменстан компаниялары қабылдаған келісім-шартқа тоқталған Тоқаев түркімен әріптесіне осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Біз мерзімі ұзақ келісімге отырып, газ импортының бір жылдағы көлемін 1,5 млрд текше метрге жеткізуге дайынбыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан Түркіменстанның энергетика саласындағы ірі бастамаларын жүзеге асырғысы, сонымен бірге мұнай-газ өңдеу мен мұнай-газ химиясы салаларында өзара тиімді жобаларды дамытқысы, тәжірибе алмасқысы келеді.

XS
SM
MD
LG