Ссылки доступа

Өзбекстанда 200 мың гектар жер лазермен өңделеді 


18 қазанда Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиявтің қатысуымен жиын өтіп, онда ауыл шаруашылығы саласы сөз болған. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында жер және су ресурстарын нәтижелі пайдаланудың есебінен өнімділікті арттыру мәселесі талқыланды. Фермерлерге жердің құрамын анықтау, суғару және зиянкестерден қорғауға көмек көрсету қарастырылған.

Бұл мақсатты 200 000 гектар жерді лазерлік жолмен өңдеу ұсынысы қолдау тапты. Осыған орай жер өңдеушілерге субсидиялар бөлініп, фермерлердің лазерлік нивелирлеуге кеткен шығынын мемлекет өтеп береді.

Сонымен бірге шетелдік компаниялармен бірлесіп аймақтарда су ресурстарын нәтижелі басқару жобасын іске енгізу тапсырмасы берілді.

Бұдан бөлек шаруаларға несие және субсидияларды беруді жеңілдету қажеттілігі айтылды.

Тағы бір маңызды бағыт – жеміс-жидек, көкөністерді қайта өңдеу. Бірақ бұл бағытта көрсеткіштер әзірге төмен. Жүзім бақшаларының 20%, көкөністердің 7% ғана интенсивті тәсілдер енгізілген.

Өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру үшін 2 мың 163 жоба құрылған. Егер олар іске асса, 25 түрлі азық-түліктің импорты қысқарып, 37 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

XS
SM
MD
LG