"Мен ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьпен кездескен кезде, ұйымның бейбіт күштерін қырғыз-тәжік шекарасына қоюды ұсындым. Онда тәжіктер мен қырғыздар арасында ешқандай тыныштық болмайтынын, әрбір тарап өз шындығын алға тартып жатқанын айттым. Сондықтан ҰҚШҰ-ның бейбіт күштері аймақта оқ атуды тоқтатуды және ауыр әскери техникаларды алып кетуді бақылауды ұсындым. Себебі, шекарадағы жанжалдар 30 емес, 98 жылдан бері қайталанып келе жатыр", - деді министр.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселе өткен аптада Астанада саммит кезінде көтерілген. Ресей араағайын болған бұл кездесуде Владимир Путин Мәскеуде СССР кезінен бері сақталып жатқан архив құжаттарын беретінін айтқан.
16-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды. Екі тараптан да ондаған адам қайтыс болды. Екі мемлекет билігі бірін-бірі айыптап келеді.