Ссылки доступа

Қырғызстан Қазақстан және Түркіменстаннан электр энергиясын сатып алады 


2022 жылға Қырғызстанға сағатына 16,2 млрд кВт электр энергиясы қажет. Осылай деп Қырғызстан үкіметінің төраға орынбасары Бақыт Торобаев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Қырғызстанның гидро электр станциялары сағатына жалпы 11 млрд 500 млн кВт электр энергиясын шығарады. Қалғанын шетелден сатып алады.

"Соңғы 9 айда сағатына 9,3 млрд кВт электр энергиясын өндірдік. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 млрд-қа аз. Біз суды барынша үнемдедік. Түркіменстаннан сағатына 1 млрд 800 млн кВт, Қазақстаннан сағатына 241 млн кВт энергия алу жөнінде келісімге келдік. Бұдан бөлек 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 600 млн кВт энергия импорттау жөнінде келісім бар", - деді Торобаев.

Торобаевтың сөзінше, энергетика секторында 95% жөндеу жұмыстары жүргізілген. 1 қарашаға қарай толық аяқталады.

Ол бұдан бөлек күз-қыс кезінде 2 млн 994 мың тонна көмір қажет болатынын жеткізді. Оның 1 млн 237 мың тоннасы тұрғындарға, 257 мың тоннасы бюджет мекемелеріне және 1 млн 500 мың тоннасы Бішкектегі жылу электр станциясына жұмсалады деді.

Осының алдында энергетика министрі Таалайбек Ибраев Қырғызстан уақытша көмір экспортына тыйым салатынын, сонымен бірге Қазақстаннан 400 мың тонна көмір сатып алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG