Ссылки доступа

Мирзияев ауыл шаруашылығы экспортын 2 млрд долларға көбейтуді тапсырды 


2023 жылы Өзбекстанда агроөндіріс кешенінде жаңа 600 мың жұмыс орны ашылуы тиіс, ал экспорт көлемі 2 млрд долларға көбеюі тиіс. Осылай деп Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке тапсырма берді. 

"Біз ауыл шаруашылығы мәселесіне бекерден бекер басты назар аудармаймыз. Бұл біздің экономикамыздың төрттен бірін құрайды. Елдің саулығы бағаның тұрақтылығына, жұмыс орнының жеткілікті болуына байланысты", - деді Шавкат Мирзияев.

Сонымен бірге жиналыста жерді қайта өңдеу мәселесі де көтерілген. Бұл салада жұмыс істейтіндерге мемлекет тарапынан көмек берілетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG