Ссылки доступа

Душанбеде азаматтық белсенді Фаромуз Иргашевқа қарсы сот отырысы басталды 


Фаромуз Иргашев
Фаромуз Иргашев

Душанбеде "Комиссия 44" тобының заңгері, 2020 жылы президент сайлауына өзін үміткерлікке ұсынған, бірақ тіркелмеген Фаромуз Иргашевқа қатысты сот отырысы басталды. 

Озоди радиосының хабарлауынша, сот отырысы жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Таулы Бадахшан автоном облысының бұрынғы депутаты, 32 жастағы Фаромуз Иргашев биыл мамыр айында ұсталған.

Фаромуз Иргашев және онымен бірге ұсталған азаматтар "Комиссия 44" тобының жұмысы үшін шетелден ақша алып, рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Фаромуздың анасы Оламбегим ұлымен бір рет ғана сөйлескенін, сот отырысына шақырылмағанын айтады.

"Мен ұлыммен тергеу абақтысында 5 тамызда ғана кездестім. Ұлым өзіне тағылған айыптардың ешқайсынан хабардар емес екенін жеткізді", - дейді белсендінің анасы.

"Комиссия 44" тобы 2021 жылдың қараша айындағы Хорогтағы оқиғадан кейін құрылған. Бұл ұйым халық пен билік арасын жалғастырушы мақсатында пайда болған. Алайда Тәжікстанның Жоғарғы соты "Комиссия 44" ұйымын "қылмыстық ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салды. Оның екі мүшесі 18 жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG