Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар президенттен қамаудағы белсенді Жекшеналиевті босатуды сұрады 


Қырғызстанда адам құқықтарын, сөз еркіндігін қорғау бағытында жұмыс істейтін алты бірдей ұйым қамаудағы белсенді Ырыс Жекшеналиевті босатуды сұрап, президентке, жоғарғы сот, бас прокуратура және ішкі істер министрлігіне ашық хат жолдады. 

Онда құқық қорғаушылар билікті Жекшеналиевті босатып, оған қарсы қозғалған қылмыстық істі толығымен тоқтатуға шақырды.

"Азаматтық кеңес" бірлестігі, "Кылым шамы" құқық қорғау ұйымы, "Смарт Жаран" бірлестігі, "Әділет" құқықтық клиникасы, "Институт Медиа Полиси" және "Жарандык демилге" қоғамдық қорлары белсендіге қарсы қозғалған іс толығымен саяси астарға ие екенін айтады.

"Ырыстың оқиғасы қоғамға белгілі оқиға болып қалды. Мұндай ойдан шығарылған айыптаулар билікке деген сенімді төмендетеді. Бұл қоғам наразылығын күшейтуге себеп болады", - деген үндеуде.

10 қазанда Бішкектің Бірінші май аудандық соты белсенді Ырыс Жекшеналиевтің қамаудағы мерзімін екі айға созу жөнінде шешім шығарған.

Фейсбуктағы "Полит Узник" парақшасының авторы, 19 жастағы Жекшеналиев 14 тамызда қамауға алынған. Оған Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Абдил Сегизбаевтың Жетим-Тоо кеніне қатысты айтқан видео мәлімдесінің жариялануы себеп болған.

Белсендіге қарсы "билік өкілдерінің заңды талаптарына бас имеу және жаппай тәптіпсізідкке шақыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жекшеналиев өзіне тағылған айыптардың бәрін теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG