Ссылки доступа

Аустрияда Тәжікстанның мәдени күндері өтеді


Хуршед Сатторов

21-26 қазанда Аустрияда Тәжікстанның мәдени күндері өтеді. 

Жыл сайын Аустрияда Орталық Азия елдері бірінің мәдени күндері өтіп тұрады. Биыл ұйымдастырушылар Тәжікстанды таңдаған. Тәжікстандық киім дизайнері Хуршед Сатторов та бұл атаулы шараға шақырту алған. Ол атлас пен адрас матадан тігілген ұлттық киімдерді көрсететін болады.

"Тәжікстанның мәдениетін жарнамалауға әдемі мүмкіндік туып тұр. Біздің ата-бабамыз қайталанбайтын, ерекше ою-өрнектерді мұра етіп қалдырып кетті. Бұл ешқашан сәннен қалмайды. 20 жыл ішінде мен жүзден астам тәжік шапанын тіктім. Бірақ бұл теңіз тамшысындай ғана", - дейді Хуршед Сатторов.

Аустрияда өтетін мәдени күндерге Тәжікстанның танымал өнер қайраткерлері, ұсталары, аспаздары да тың туындыларын ұсынбақ.

XS
SM
MD
LG