Бұл құжат парламент сайтында жарияланып, қоғам талқысына шығарылды.
Заң жобасын әзірлеушілер Қырғызстанда соңғы жылдары балаға зорлық-зомбылық көрсететін оқиғалардың жиілеп кеткенін алға тартқан.
"Балаларды олардың өміріне қауіп төндіретіндерге қатаң жаза енгізбей қорғау мүмін емес. Соңғы жылдары балаларды зорлау оқиғасы кең етек алып жатыр. Сол себептен Конституцияға өлім жазасын енгізетін өзгеріс енгізуіміз керек", - делінген құжатта.
Биыл тамыз айында Қырғызстанда бала зорлығы үшін қылмыстық жазаны күшейтетін заң күшіне енді. Атап айтқанда, оларға рақымшылық жүрмейді, мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмайды.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы жеті айда бала зорлығына қатысты 39 қылмыстық іс қаралған.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, былтыр бала зорлық-зомбылығына қатысты 3034 оқиға тіркелген, оның 500-і жыныстық зорлау.