Ссылки доступа

Ашғабадта Мирзияевтің сапарына орай "Ташкент" саябағы ашылмақ 


Түркіменстан астанасы Ашғабадта "Ташкент" саябағы ашылмақ. 

Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Түркіменстанға сапарымен тұспа-тұс келіп тұр.

Қазанның 20-да Өзбекстан президентінің Түркіменстанға ресми сапары басталған.

"Ташкент" саябағының құрылысы биыл маусым айында аяқталған. Өзбекстан президенті жазда экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің 65 жасқа толған мерейтойына барады, сол кезде саябақ ашылады деп күтілген.

Бірақ Шавкат Мирзияев экс-президентті тек телефон арқылы құттықтады.

2017 жылдың қазан айында Ташкентте "Ашғабад" саябағы ашылған.

XS
SM
MD
LG