Ссылки доступа

Өзбекстанда Термез өңірінің бұрынғы шенеуніктері ұсталды 


Өзбекстанда Термез әкімі болған Исроил Худойбердиев пен тағы алты шенеунік ұсталды. Олар мемлекеттің 1,3 млн доллар қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінген. 

Бұл жөнінде Газета.uz сайты Сұрхандария облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Экс-әкіммен бірге оның бұрынғы орынбасарлары да ұсталған. Олардың үстінен "қызметін асыра пайдалану" және "салғырт қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз мәліметінше, тергеу ісінде айтылған 1,3 млн доллар қаражат "Яшил дунё" сауда үйінің құрылысына бөлінген. Алайда бұл қаражат заңсыз жұмсалынған делінген.

Исроил Худойбердиев Термез қаласының әкімі болып 2017 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет істеген.

XS
SM
MD
LG