Ссылки доступа

Өзбекстанда қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды 


Сырдария облысы "Малик" елді-мекенінде Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне қарасты қоймада жарылыс болды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жарылыс 22 қазанда таңғы сағат бесте тіркелген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан жарылыстан жақын жердегі үйлер мен дүкендердің зардап шеккенін байқауға болады.

Gazeta.uz сайты дереккөзіне сілтеме жасап, әскерилер мен жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Кейінірек бұл мәліметті мемлекеттік органдар да растады.

Сырдария облыстық ауруханасы әйнек сынықтарынан жарақат алған ондаған адамның жәрдем сұрап келгенін жеткізді.

Өлкенің денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ екенін мәлімдеді.

Өзбекстанның қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктері мен билік өкілдері келтірілген шығынның көлемін есептеп жатқанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG