Ссылки доступа

Душанбеде Ресейдің төлқұжат-визалық қызмет көрсету өкілдігі ашылмақ (видео)


Ресейдегі миграциялық орталықтардың бірі 

Тәжікстан мен Ресей үкіметтері Душанбе қаласында РФ ішкі істер министрлігінің төлқұжат-визалық қызмет көрсету өкілдігін ашу туралы келісімге келді. 

Ақпаратқа қарағанда, тиісті келісімге Тәжікстанның еңбек министрлігі мен Ресейдің ІІМ жанындағы төлқұжат-визалық қызмет көрсету мекемесі арасында 19 қазанда Душанбеде қол қойылды.

Тәжікстанның еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодиридің сөзінше, аталған мекеме ашылғаннан кейін Ресейде жұмыс істегісі келетін азаматтар Душанбеден рұқсат қағаз алып кете алады.

"Бұдан бөлек олар Ресейге кетер алдында саусақ іздерін Тәжікстанда тапсырып, орыс тілін және заңдарын білетінін растайтын куәлік алса да болады", - деді Нодири.

Оның айтуынша, әзірге төлқұжат-визалық қызмет көрсету өкілдігінің Душанбеде қашан ашылатыны белгісіз.

Тәжікстандық сарапшылар болса, мұның тез арада іске кірісетініне күмән келтіреді.

Таджикские и российские власти договорились о запуске сервиса паспортно-визовой службы МВД России в Душанбе.
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

3

XS
SM
MD
LG