Ссылки доступа

Ресейдің арнайы қызметі құқық қорғаушы Бахром Хамроевқа жаңа айып тақты


Бахром Хамроев на пикете в защиту политзаключенных. Москва, 14 сентября 2018 года.
Бахром Хамроев на пикете в защиту политзаключенных. Москва, 14 сентября 2018 года.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі былтыр сот шешімімен жабылған "Мемориал" адам құқықтарын қорғау ұйымының белсендісі Бахром Хамроевты террористік ұйым құрды деп айыптады.

Айыптау қорытындысында Хамроев "терроризммен айыпталған адамдарға құқықтық көмек көрсетті", "Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі халықаралық сотқа арыз жазды" деп айыпталған. Бұл туралы құқық қорғаушының адвокаты айтты.

"Мемориал" ұйымның 59 жастағы мүшесі Бахром Хамроевты "саяси тұтқын" деп жариялады.

Биыл 24 ақпанда үйінде ұсталған Бахром Хамроевтың үстінен "террористік ұйым құрды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Оның адвокаты Тимофей Широков Азаттықтың Өзбек қызметіне тағылған айыптарды ақылға қонымсыз деп атады. Оның айтуынша, Хамроев 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG