Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі интернеттің баяулауын магистраль желісіндегі ақаумен түсіндірді


Қырғызстан цифрлы даму министрлігі 24 қазанда елде интернеттің дұрыс жұмыс істемеуіне қатысты мәлімдеме таратты.

Министрлік дерегінше, магистраль желілерінің бірінде апат болып, соның салдарынан интернет жұмысы баяулаған.

"Интернет-байланыс жақын уақытта толық қалпына келеді. Бұған қоса, Интернет-байланыспен қамтамасыз ету үшін қосымша арналарды пайдалану жұмысы жүріп жатыр", - деп хабарлады министрлік.

Бұның алдында MegaCom мобильді байланыс операторы абонеттердің бір бөлігі "апатқа байланысты" интернетсіз қалғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG