Ссылки доступа

Өзбекстан Boeing-747 ұшағын сатып алды 


23 қазанда Ташкент әуежайына өзбекстандық әуе компания сатып алған бірінші Boeing-747 ұшағы қонды. 

105 тонна жүк көтеретін, "Аспан ханшайымы" деп аталатын ұшақтың иесі My Freighter жүк тасымалдаушы компания болды.

My Freighter компаниясы 2019 жылы құрылған, осыған дейін Uzbekistan Airways компаниясынан жалға алған ұшақтармен жүк тасымалдап келген.

My Freighter жақында 747 типті тағы бес жүк ұшағын сатып алуды, алдағы бес жылда әуе паркін тағы 20 жүк бортымен толықтыруды жоспарлайды.

2022 жылы My Freighter 410 жүк рейсін атқарған. Компанияның Қытайдың он ірі қаласында, Еуропа елдерінде, Біріккен Араб әмірлігінде, Ресей, Бразилия және Вьетнамда жүк қоймалары бар.

XS
SM
MD
LG