Ссылки доступа

Қырғызстанда бірқатар саясаткер мен белсенділер екі айға қамалды 


Бішкектің Бірінші май аудандық сотында 24 қазанда билікті тартып алып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталған бірқатар саясаткер мен белсенділердің бұлтартпау шаралары қаралды.  

Саясаткерлерлер Равшан Джеенбеков, Асия Сасыкбаева, Айбек Бусурманкулов, Таалайбек Мадеминов, журналист Айданбек Акматов пен белсенділер Али Шабдан, Чингиз Капаров 20 желтоқсанға дейін қамауға алынды. Ал саясаткер Азимбек Бекназаров 23 желтоқсанға дейін қамалды.

23 қазанда Қырғызстанда Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы болып арнайы комитет құрған 20-ға жуық блогер мен саясаткер ұсталған. Оларға қатысты "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалу" бабы бойынша іс қозғалған. Ұсталғандардың кейбірінің үйін тінтіген.

сталғандардың арасында Конституциялық соттың экс-судьясы Клара Сооронкулова; экс-депутаттар Асия Сасыкбаева, Равшан Джеенбеков; Қырғызстанның Малайзиядағы бұрынғы елшісі Азимбек Бекназаров; саясаткер Бектур Асанов; белсенділер – Эрлан Бекчоро, Жениш Молдакматов, Али Шабдан, Перизат Суранова, Улукбек Маматаев, Гульнара Джурабаева, Таалай Мадеминов, Чынгыз Капаров, Атай Бейшенбек; құқық қорғаушы Рита Карасартова және журналист Айданбек Акматуулу бар.

Кемпірабад су қоймасы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында 1983 жылы салынған. Су қоймасы Совет одағы кезінде Қырғызстан аумағында орналасқан еді. Бұл су қоймасына қатысты дау біраз уақытынан бері жүріп келеді. Бір тарап Ташкент Совет одағы кезінде Қырғызстанға өтемақы төлегендіктен бұл су қоймасы Өзбекстанға тиесілі деп санайды.

Кейінгі айларда Қырғызстанда билік су қоймасын Өзбекстанға берді деген ақпарат тарай бастады. Бірақ президент Жапаров пен Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Камшыбек Ташиев мұны жоққа шығарып келген. Бірақ парламент депутаты Адахан Мадумаров Ош облысы Узген ауданында Жапаровпен кездесуден соң Азаттықтың Қырғыз қызметіне "Кемпірабад су қоймасы Өзбекстанға өтті" деген.

Ташиев Бішкек пен Ташкенттің келісіміне сай Кемпірабад су қоймасының Қырғызстанда 19 699 гектар жері, Өзбекстанда 4458 гектар жері қалады деген. Оның сөзінше, су қоймасын екі ел бірігіп басқарады.

XS
SM
MD
LG