Ссылки доступа

Қырғызстан билігі Ыстықкөл маңынан ақылды қала - "Смарт сити" салғысы келеді


Ыстықкөл маңында жаңадан салынатын "Смарт Сити" құрылысын талқылау үшін Қырғызстанға Оңтүстік Кореяның жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің өкілдері келген. Бұл жөнінде Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметіне қарағанда, жоспар K-City Network жобасы бойынша жүзеге асырылады.

"Жобаны жүзеге асыру үшін дүниежүзіндегі ақылды қала құрылысы жобасын жасауға қатысып жүрген Хан-А консорциумы тартылды" дейді Қырғызстан экономика министрлігі.

Экономика министрінің орынбасары Қанат Әбдірахмановтың сөзінше, "Смарт сити" жобасы Қырғызстан халқының өмір сапасы мен туристік тартымдылығын күшейте түседі".

Қырғызстан экономика министрлігі "Смарт сити" құрылысының қашан басталатынын, қанша қаржы жұмсалатынын нақтыламаған.

2021 жылдың маусымында Қырғызстан президентінің әкімшілігі Ыстықкөл жағасындағы 4 мың гектар жерге экологиясы таза Асман қала салатынын жариялаған. Кей белсінділер бұл идеяға қарсы шығып, жаңа қала Ыстықкөл экологиясын бұзады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG