Ссылки доступа

Мишельді Қазақстан мен Өзбекстанға сапары кезінде адам құқықтары мәселесін көтеруге шақырды 


Төрт құқық қорғау ұйымы Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельді осы аптада Қазақстан мен Өзбекстанға баратын сапары кезінде Орталық Азия елдері лидерлерімен кездескенде адам құқықтары мәселелерін көтеруге шақырды. 

25 қазанда жариялаған мәлімдемесінде Адам құқықтары бойынша халықаралық әріптестік (IPHR), Адам құқықтары бойынша Қазақстан бюросы, "Орталық Азиядағы адам құқықтары" ассоциациясы (AHRCA) және Адам құқықтары бойынша түркімен бастамасы қол қойған.

Мәлімдеме авторлары Мишельді Орталық Азия елдері лидерлеріне ЕО аймақтағы адам құқықтарының ахуалы бойынша "өзгерістерді күтіп жатқанын жеткізуге" шақырған.

"Биыл Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда болған ірі дағдарыстар кезінде адам құқықтарының бұзылуына кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуіңізді өтінеміз. Қазақстанда, Таулы Бадахшан автоном облысында және Қарақалпақстанда биліктің саясатына қарсы бейбіт акциялар белгісіз себептермен құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласып кетті", - деп жазылған мәлімдемеде.

Құқық қорғау ұйымдары Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан билігі аталған оқиғалар бойынша тәуелсіз әрі ашық зерттеу жүргізбегенін, кінәлілер жауапқа тартылмағанын атап өткен. Бұдан тысқары олар аталған үш елде дағдарыстан кейін журналистер мен блогерлер қамалып, сөз еркіндігі шектеліп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG