Ссылки доступа

Тәжік билігі қамаудағы журналистер қиналғаны туралы шағым түсірмегенін мәлімдеді 


Абдусаттор Пирмухаммадзода
Абдусаттор Пирмухаммадзода

Тәжікстан бас прокуратурасы қамаудағы журналистер мен Таулы Бадахшан автоном облысы тұрғындарынан азаптау бойынша ешқандай арыз түспегенін мәлімдеді. 

"Қамаудағы журналистер, оның ішінде Абдусаттор Пирмухаммадзода азапталғаны жөнінде арыз жазбады. Оның зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жөнінде БАҚ жазыпты. Бірақ бас прокуратура ресми арыздан кейін ғана тергеу жүргізеді", - деді бас прокуратураның жауапты қызметкері Файзали Давлатзода.

9 қазанда Абдусаттор Пирмухаммадзоданың туыстары ол психологиялық және физикалық қысыммен айыптарды мойнына алуға мәжбүрлеген деп, оның бұл куәләрін жоққа шығаруды талап еткен.

Блогер абақтыдан жазған хатында ұсталған күннен бастап азапталғанын жеткізген:

"Кейбір кезде токпен азаптаған кезде, өмір сүргім келмей кеткен. Милиция қызметкерлері мен тергеушілер мені ұрып-соғып, "жасанды айыптарды" мойныма алуымды талап етті. 8-9 күн қинап, кемсітіп, толық изоляциялап, отбасыма зиян тиеді деп қорқытып, өзім жасамаған қылмысты мойна алуға мәжбүрледі. Физикалық қысыммен "оппозиция лидері Мухиддин Кабиримен байланыста болып, онымен Тәжікстанда революция жасауға әрекет еттім" деп камераға айтып бердім".

Өткен аптада желтоқсанда Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқықтарының сақталуы бойынша жыл сайынғы баяндамасын жариялап, тәжік түрмелері сотталғандарға толып қалғанын, ондағы жағдай нашар екенін, азаптаулар болатынын айтқан.

Тәжікстан бас прокуратурасы мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың басынан бері азаптау бойынша алты арыз түскен. Бірақ олардың ешқайсысы расталған емес.

XS
SM
MD
LG