Ссылки доступа

Ресейде өрттен зардап шеккен тәжік отбасы шындық іздейді 


Шахноза, отбасылық альбомнан алынды. 

Қыркүйектің аяғында Ресейдің Свердлов облысындағы өрттен он жастағы қызы зардап шеккен тәжікстандық Навруз Аминбеков жұмыс берушіге қарсы прокуратураға арызданды. 

Оның сөзінше, жұмыс беруші ауыр жағдайда оларға көмектескен емес және айлығының жартысын ғана төлеп берген.

"Біз бұл жақтан кетеміз дегенбіз, бірақ бізді күшпен ұстап отырды. Мен қазір арыз жазғаннан кейін, өзімді айыптап жатыр. Тіптен қызымды мектепке жіберуге рұқсат бермеді деп айыптап жатыр", - деді Аминбеков.

Ол бұл мәселе бойынша көмек сұрап Тәжікстанның Екатеринбург қаласындағы консулдығына шағымданған.

Дипломатиялық өкілдіктің қызметкері Ёкубжон Умаров өрт туралы хабары бар екенін, зардап шеккен тәжікстандықтың отбасына көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

"Қазір ең бастысы – қыздың денсаулығы. Қазір оны тәжік дәрігерлері қарап жатыр. Отбасына барлық қажетті көмекті береміз. Жәбірленушінің айлығын толық алып беруге әрекет етеміз", - деді Умаров.

Өрт себебін қазір Свердлов облысы Белоярск аудандық прокуратурасы зерттеп жатыр.

Навруз Аминбековтің сөзінше, бүгінгі күні оның он жастағы қызы Екатеринбург қаласындағы ауруханалардың бірінде емделіп жатыр. Оның денесі 50% күйіп, ауруханаға жеткізілген.

21 қыркүйекте болған өртте Өзбекстанның екі азаматының қайтыс болғаны хабарланған. Бұдан бөлек Аминбековтің екі ұлы мен қызы жараланған.

"Өрт түнде, біз ұйықтап жатқанда басталды. Алдымен ұлым оянып, қатты шыңғырды. Жұмыс беруші үйді сыртынан құлыптап кеткендіктен, сыртқа әрең шықтық. Екі ұлым ауруханада бір апта жатты. Қызым бір айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр", – деді Аминбеков.

43 жастағы тәжік азаматы отбасымен Свердлов облысы Белоярск ауданында сегіз ай бұрын жұмыс істеуге келген. Олар Совхозный ауылында өзбек текті қожайынның үйінде тұрып жатқан.

21 қыркүйекте болған өрттен тәжік отбасының барлық құжаттары, киімдері өртеніп кеткен. Навруз Аминбеков жерлестерінің көмегімен әйелін және екі ұлын Тәжікстанға жіберген.

XS
SM
MD
LG