Ссылки доступа

Өзбекстанда аудан басшысының орынбасары 43 мың доллар парамен ұсталды


Өзбекстанда Үргеніш ауданы басшысының ауыл және су шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Р.А. үйінде 43 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталды. Бұл туралы 25 қазанда Бас прокуратура хабарлады.

Мәліметке қарағанда, әуелі "Чорванасл" облыстық орталығының бас маманы Т. М қолға түскен. Ол шаруа қожалығына тиесілі 50 гектар жерді әкімдікке қайтарып, кейін ол жерді жаңа шаруа қожалығы ретінде рәсімдеуге уәде берген. Мұндай қызметін 80 мың долларға бағалаған. Орталық қызметкері 60 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталған.

Тергеуде Т.М. ақшаның бір бөлігін Үргеніш ауданы басшысының орынбасары Р.А.-ға беретінін мойындаған. Содан кейін арнайы операция жалғасын тауып, шенеунік күдікті Т.М.-дан 43 мың доллар алып жатқан кезде қолға түсті.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Бас прокуратура.

XS
SM
MD
LG