Жаңа терминалды "Тәжік сыртқы көлік қатынасы" компаниясы салған. Ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның күйеу баласы Шамсулло Сохибовқа тиесілі "Фароз" жабық акционерлік қоғамына қарайды. ""Фароз" көпсалалы компаниясы 2020 жылғы 11 наурызда ресми түрде жабылған, бірақ дереккөздер оның әлі жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған.
"Тәжік сыртқы көлік қатынасы" компаниясының ресми сайтындағы мәліметте компания елдегі 18 көлік терминалын басқаратыны айтылған.
Жаңа терминал 6 гектар жерге салынған. Оның құрылысына 7,5 млн сомони ($750 мың) жұмсалған.
21 қазаннан бастап Соғды облысындағы қалалар мен аудандарға қатынайтын таксилердің бәрі "Чорбог" жаңа терминалында тұрады. Бұрын Худжанд бағытындағы таксилерді "Маром" терминалынан табуға болатын.
Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстан астанасына күнде 140 мың автокөлік кіреді.