Ссылки доступа

CPJ Тәжікстанды журналистер мен блогерлерді босатуға шақырды 


Абдусаттор Пирмухаммадзода
Абдусаттор Пирмухаммадзода

Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) халықаралық үкіметтік емес ұйымы Тәжікстанды блогер Абдусаттор Пирмухаммадзоданың "азаптау арқылы кінәні мойныма алуға мәжбүрледі" деген мәлімдемесіне "толық жауап беруге" шақырды. 

Тәжік блогері Абдусаттор Пирмухаммадзода абақтыдан хат жазып, азаптауға ұшырағанын, қысым кезінде өзі жасамаған істі мойнына алғызғанын жеткізген.

Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Гульноза Саид азаптау арқылы куәлік алу Тәжікстанның құқық қорғау органдары үшін жаңа нәрсе емес екенін, бірақ бұл мәлімдеме үшін алаңдайтынын жеткізіп, толық жауап беруді талап ететінін білдірді.

"Тәжік билігі үшін құпия делінген грифти журналистердің ісінде азаптауды қолдануды тоқтатуға мүмкіндік пайда болды. Бұл олардың құқығын одан әрі бұзу болып есептеледі", - деді ол.

Комитет Тәжікстан билігін қамаудағы журналистер мен блогерлерді босатуға шақырды.

Блогер абақтыда жазған хатында азапталғанын жеткізген:

"Кейбір кезде токпен азаптаған кезде, өмір сүргім келмей кеткен. Милиция қызметкерлері мен тергеушілер мені ұрып-соғып, "жасанды айыптарды" мойныма алуымды талап етті. 8-9 күн қинап, кемсітіп, толық изоляциялап, отбасыма зиян тиеді деп қорқытып, өзім жасамаған қылмысты мойна алуға мәжбүрледі. Физикалық қысыммен "оппозиция лидері Мухиддин Кабиримен байланыста болып, онымен Тәжікстанда революция жасауға әрекет еттім" деп камераға айтып бердім".

44 жастағы блогер 9 шілдеде Вахдат қалалық ішкі істер басқармасына тергеуге шақырылып, сол күні қамауға алынған. Оған қарсы "Экстремистік әрекеттерді насихаттады" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар үш жылдан бес жылға дейін еркінен ажырату жазасы қарастырылған.

Соңғы жарты жылда Тәжікстанда жеті блогер мен журналист ұсталған.

XS
SM
MD
LG