Ссылки доступа

Қырғызстанда блогер Ырыскелди Жекшеналиев үйқамаққа шығарылды   


Бішкек қалалық соты Facebook желісіндегі "Полит Узник" парақшасының авторы Ырыскелди Жекшеналиевті үйқамаққа шығарды. Бұл жөнінде оның анасы хабарлады. 

"Менің ұлымды босатқаны күтпеген жағдай болды. Қазір ол менің жанымда. Журналистер мен белсенділерге алғысымды жеткізгім келеді", - деді блогердің анасы.

10 қазанда Бішкектің Бірінші май аудандық соты белсенді Ырыс Жекшеналиевтің қамаудағы мерзімін екі айға созу жөнінде шешім шығарған.

Фейсбуктағы "Полит Узник" парақшасының авторы, 19 жастағы Жекшеналиев 14 тамызда қамауға алынған. Оған Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Абдил Сегизбаевтың Жетим-Тоо кеніне қатысты айтқан видео мәлімдесінің жариялануы себеп болған.

Белсендіге қарсы "билік өкілдерінің заңды талаптарына бас имеу және жаппай тәптіпсізідкке шақыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жекшеналиев өзіне тағылған айыптардың бәрін теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG