Ссылки доступа

Тәжік журналисінің ісіне қатысты сот жабық өтті


Завкибек Саидамини
Завкибек Саидамини

Тәжікстанда ұсталған журналист Завкибек Саидаминидің ісіне қатысыт кезекті сот отырысы 26 қазанда жабық өтті. Оған күдіктінің туыстарын да қатыстырмады. Сот отырысында не талқыланғаны белгісіз, адвокат баспасөзбен сөйлесуден бас тартты.

Завкибек Саидаминиге Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы мен "24 топ" қозғалысымен жұмыс істеді деген айып тағылған. Бұның алдында журналист аталған ұйымдарға ешқандай қатысы жоғын бірнеше мәрте мәлімдеген. Тыйым салынған ұйымдар да журналиспен байланыс орнатпағанын хабарлаған.

Саидаминидің туыстарының бірінің айтуынша, сәрсенбі күні сотқа "бірнеше сарапшы" қатысқан, бірақ олардың кім екені белгісіз.

Саидамини әлеуметтік желілерде қоғамдағы проблемаларды, дін мәселелерін жиі көтерген.

Завкибек Саидаминиді биыл 8 шілдеде Вахдат қаласының милициясы ұстады. Кейін оны Душанбедегі уақытша тергеу изоляторына жеткізді. Іс қыркүйектің ортасында сотқа жетті. Саидамини бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Тәжікстанда жарты жылдың ішінде жеті журналист пен блогер ұсталды.

XS
SM
MD
LG