Ссылки доступа

Мәскеу және Қырғызстанда белсенділерді ұстау жалғасып жатыр 


Орозайым Нарматова
Орозайым Нарматова

Мәскеуде "Бутун Кыргызстан" партиясының парламенттегі бұрынғы депутаты Орозайым Нарматова ұсталды деп жазады жергілікті БАҚ оның туыстарына сілтеме жасап. 

Қырғызстан ІІМ әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Орозайым Нарматова Қырғызстан билігін сынап келеді. Ол Кемпірабад су қоймасын қорғау бойынша құрылған комитет мүшесі. Осының алдында аталған комитеттің бір топ белсенділерін ұстаған. Олардың біразына жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген айыптар тағылған.

27 қазанда Кемпірабад су қоймасын қорғау комитетінің ұйымдастырушысы, саясаткер Мамбетжунус Абылов та ұсталған. Ол екі айға қамауға алынып, үйіне тінту жүргізілген.

23 қазанда Бішкекте 22 саясаткер мен белсенді ұсталып, қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG