Ссылки доступа

"Құс бостандықта". Илон Маск Twitter'ді $44 миллиардқа сатып алды


SpaceX пен Tesla брендтерінің негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адам Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін 44 миллиард долларға сатып алды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Маск бұл оқиғаны қысқаша "Құс бостандықта" деген екі ауыз сөзбен сипаттады. Әлеуметтік желі логотипінде құстың суреті бейнеленген. Оны "шықылықтау" деп те атайды.

27 қазанда Маск Twitter'дің бас кеңсесіне барғанда түсірілген видео жариялап, әлеуметтік желіде өзін таныстыратын сөзді "твит басшысы" (Chief Twit) деп өзгертті.

Reuters пен The Washington Post мәліметінше, сол күні Маск Twitter'дің атқарушы директоры Параг Агравалды, қаржы директоры Нед Сигалды, заң мәселелері жөніндегі жетекшісі Виджая Гаддені және заң жөніндегі бас кеңесшісі Шон Эджетті жұмыстан шығарды. Миллиардер оларды платформадағы фейк аккаунттар санына қатысты жалған ақпарат берді деп айыптады.

Компанияға жаңа жетекші тағайындалғанша Макс басшы қызметін атқарады.

XS
SM
MD
LG