Ссылки доступа

Ислам Кәрімовтің немерелері Марьям мен Ислам 13 жылдан соң кездесті (видео)


Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің немерелері Марьям Тилляева, Иман Кәрімова мен Ислам Кәрімов Лондонда кездесті. Ислам мен Марьям 13 жыл бойы кездесе алмаған.

Лола Кәрімова-Тилляеваның қызы Марьям кездесу сәтінде түсірілген видеоны Instagram'да жариялады. "Исламым менің, 13 жылдан соң", — деп жазды Марьям Тилляева.

Ол Лондонға экс-президенттің қызы Гүлнара Кәрімованың балаларын көруге барған. Ислам мен Иман осы қалада тұрады.

Марьям Тилляева туыстарынан ұзақ уақыт бойы хабарласпағаны үшін кешірім сұрады.

"Ислам, Иман, сендерді шексіз жақсы көремін, енді мен мәңгілік сендермен біргемін. Балалығымды, көп нәрсені түсінбегенім үшін кешірім сұраймын. Отбасын таңдамайды, бірақ балаларымыздың болашағы үшін қабылдаймыз. Ата-анамыз сияқты емеспіз, біздің өз жолымыз бар", — деп жазды Марьям Тилляева әлеуметтік желіде.

XS
SM
MD
LG