Ссылки доступа

Белгородта мерт болған тәжік азаматының туыстары марқұмның сүйегін әлі алмаған


Родственники погибшего на полигоне в Белгороде таджикистанца до сих пор не получили его тело для захоронения
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

Ресейдегі Белгород қаласындағы полигонда мерт болған 24 жастағы тәжік азаматы Эхсон Аминзоданың туыстары марқұмның сүйегін ала алмай жүр.

Ресей билігі оны қашан беретінін айтпайды. Марқұмның туыстары 15 қазандағы оқиға туралы да дерек ала алмай отыр. Полигондағы атыста мобилизацияға іліккен 11 ресейлік пен екі тәжік азаматы қаза болған.

Белгородтағы оқиғадан бес күн бұрын Эхсон Аминзода Мәскеуде із-түссіз жоғалған. Туыстары оны армияға мәжбүрлеп әкеткен болуы мүмкін деп топшылайды. Туған ауылы Заргар тұрғындары Эхсон өз еркімен Ресей армиясына барған дегенге сенбейді. Өйткені оның әскери тәжірибесі болмаған, тәжік армиясында қызмет етпеген.

Эхсон Аминзода шамамен екі апта бұрын мерт болды, бірақ туыстары марқұмның сүйегін әлі ала алмай жүр. Олар жас жігіттің неден қаза болғанын білгісі келеді. Ресей қорғаныс министрлігі Белгород полигонындағы оқиға туралы шағын мәлімет таратумен ғана шектелген.

XS
SM
MD
LG