Ссылки доступа

Мирзияев Еуроодақты Орталық Азиядағы интеграцияны қолдауға шақырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 27 қазанда Астанада "ЕО - ОА" саммитінде Орталық Азиядағы интеграцияны дамытуға күш салу керектігін айтты.

«... Әлемдегі және аймақтағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады, сол себепті Орталық Азиядағы интеграция еуропалық әріптестердің қолдауына аса зәрі. Соған байланысты біз әріптес байланыстарды нығайтуды көздейтін "жол картасы" көпсалалы бағдарламасын қарауды ұсынамыз", - деді президент.

Бұған қоса, Өзбекстан президенті Орталық Азия мен Еуропа Одағы елдерінің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарының ақпарат алмасу, қауіппен бірге күресуде әріптестігін арттыруды ұсынды.

Ауғанстан мәселесіне тоқталған Мирзияев бұл елдегі гуманитарлық жағдайға алаңдап, халықаралық қауымдастықтан ауған халқына көмектесуін сұрады.

"Орталық Азия - Еуропа Одағы" форматындағы саммит алғаш рет өтіп отыр. Оған Орталық Азия елдерінің басшылары мен Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель қатысты.

XS
SM
MD
LG