Ссылки доступа

Кемпірабад ісі: әйелдерді босатуға шақырды 


Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты 29 қазанда экс-депутат, азаматтық белсенді Орозайым Нарматованы екі айға қамау туралы шешім шығарды. 

Нарматованы қосқанда Кемпірабад су қоймасының Өзбекстанға берілуіне қарсы пікір айтып қамалған әйелдердің саны алтыға жетті.

Орозайым Нарматовақа қарсы "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын оның құрбысы Назира Алибекова хабарлады.

"Мен оның жанында жүрген жақын құрбысы ретінде айта аламын. Ол ешқандай үндеу жасап, ашық шақырған емес. Ол ұйымдастыру жұмысына араласқан емес. Ол бар болғаны азаматтық ұстанымын жеткізді. Ресейдің күш құрылымдары оны ұстағанда, біз бұл жақтан адвокат жалдадық. Олар оның заңсыз ұсталғанын айтты. Бұл таза саяси қуғындау", - деді ол.

Қырғызстанның қоғам белсенділері, құқық қорғаушылар және белсенділер бастап 80-нен астам адам билікке үндау жариялап, қамауға алынған әйелдерді босатуға шақырды.

Президент Садыр Жапаров пен оның әкімшілігі әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Кемпірабад су қоймасының жерін Өзбекстанға беруге қарсы шыққан жиырмадан астам саясаткер мен белсенді 23-24 қазанда ұсталып, екі айға қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG