Ссылки доступа

Өзбекстанда жазасын өтеушілерге интернет қолдануға рұқсат береді


Өзбекстан ішкі істер министрлігінің қоғам талқылауына ұсынылған ішкі құжаты жобасында жазасын өтеушілер электронды мемлекеттік қызмет пен нотариус қызметін алу үшін арнайы бөлме қарастырылатыны туралы айтылған.

Ішкі істер министрлігі жарлығының жобасы жазаны атқару мекемелерінің ішкі тәртібіне өзгеріс енгізуді көздейді.

Интернеті бар бөлмелерде компьютер мен веб-камера болады. Жазасын өтеушілер соның көмегімен электронды мемлекеттік қызметтер мен нотариус қызметін пайдалана алады.

Жарлық жобасындағы жаңа тәртіптерге Бас прокуратура, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек министрлі және Жоғары сот келісім береді.

Жоба авторларының мәліметінше, оны жүзеге асыру шығынын Ішкі істер министрлігі Жазаны атқару департаменінің Орталық қоры көтереді.

XS
SM
MD
LG