Ссылки доступа

Тәжікстанда жарық ақысын төлемегендер арасында бюджет ұйымдары көп


Центральная улица поселка Фархор

"Барки точик" компаниясы елде электр қуаты ақысын төлемегендер көбейгенін мәлімдемес, Фархор ауданында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың бәрі дерлік жарыққа қарыз екені мәлім болды. Жергілікті әкімдік те электр қуаты ақысын төлемеген.

Фархор ауданы әкімдігі ғимаратының электр қуатына қарызы 22 мың сомониден ($2200) асқан.

Аудан басшылығы қарызды жақында өтеуге уәде берген. Айта кетерлік жайт, Зариф Назри ауданының басшысы да жазда 16 мың 372 сомони қарызды төлеуге уәде берген. Бірақ содан бері аудан әкімдігінің қарызы тағы 6 мың сомониге өскен.

Азаттықтың Тәжік қызметінің мәліметінше, аудандағы барлық дерлік бюджет ұйымдары электр қуатының ақысын төлемеген. Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің электр қуатына қарызы 600 мың сомони ($60 мың) доллар.

Жергілікті телеарналар халықты электр қуатын үнемдеуге үнемі үгіттейді. Тұрғындар қарыз болып қалса, жарықты бірден кесіп тастайтынына шағымданып отыр. Қарызы көп әкімдіктерді электр қуатынан неге ажыратпайды, деп шағымданды жергілікті тұрғындар.

Тәжікстанда тұрғындардың электр қуаты үшін қарызы 1,3 млрд сомони ($115 млн) болған.

XS
SM
MD
LG