Ссылки доступа

Қырғызстанда Азаттықтың есеп-шоты бұғатталды 


"Азаттық Медиа" мекемесінің "Демирбанктағы" есеп-шотының бұғатталғанын 31 қазанда банк тарабы хабарлаған. Банк өкілдері Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттен (ҰҚМК) хабарлама алғанын жеткізген. 

ҰҚМК баспасөз қызметі ресми пікір білдіру үшін, ресми хат жіберуді сұраған.

26 қазанда Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі "Азаттық Медиа" мекемесінің веб-сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарған. Министрлік мәліметінде "ақпарат айдынында Қырғызстанның ұлттық мүддесіне қарсы келген анық емес материалдарға байланысты осындай шара қолданылғаны" айтылған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай тәуелсіз медианың үнін басу үшін Қырғызстандағы демократияға көлеңке түсіретін - авторитарлық режим екенін білдірген.

27 қазанда министрлік мамандары "Азаттық Медиа" мекемесінің тіркеу туралы құжаттарын тексеріп, көшірмелерін алып кеткен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс, Human Rights Watch ұйымы, "Журналистерді қорғау комитеті" бастаған бірқатар халықаралық ұйымдар Азаттық сайтының бұғатталғанын сынаған.

XS
SM
MD
LG