Ташкент облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бекетінің жұмысы Қазақстан жағында жөндеу жүріп жатқанына байланысты уақытша тоқтайды.
Биыл тамыз айында Қазақстан мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетінің басшысы Данияр Жанәлиев 2022-2023 жылдары тоғыз автожол және бір теміржол өткізу бекеті жөнделетінін хабарлаған.
Соның арқасында шекара бекеттерінің өткізу мүмкіндігі сегіз есе артып, шекарадан өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Бұған қоса, бақылау-өткізу бекеттерінде жемқорлықпен күресу үшін жүйелер автоматтандырылады.